Иран президенті сенбі күні Қазақстанға келеді
https://itolqyn.com/news/iran-i38589
ИИР-ның президенті тамыздың он бірі күні Каспий теңізі елдері басшыларының саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 08, 2018 22:07 Asia/Almaty
  •    Иран президенті сенбі күні Қазақстанға келеді

ИИР-ның президенті тамыздың он бірі күні Каспий теңізі елдері басшыларының саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді.

ИИР президенті аппаратының Байланыстар және ақпарат тарату басшысының орынбасары Парвиз Исмаили Иран президенті Хасан Руханидің екі күндік сапарының маңызды бағдарламасын Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының саммитына қатысу деп атап, саммитте ортақ мәлімдеме жариялаумен қатар Каспий теңізі саласында серіктестік жасау бойынша бірнеше маңызды стратегиялық құжатқа жағалау елдері басшылары тарапынан қол қойылатынын хабарлады. Исмаили сонымен қатар Қазақстан президенті мен саммитке қатысатын кейбір президенттермен кездесіп, екі жақты байланыстарды кеңейту туралы тақырыпты Руханидің Қазақстан сапарының келесі бағдарламаларының қатарында атады.