Рухани Иран мен Исламабадтың барлық салалар бойынша қарым-қатынасын нығайту қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті Иран мен Исламабадтың барлық салалар бойынша, әсіресе экономика саласындағы қарым-қатынасын одан ары нығайту қажеттігін қуаттап, Иран мен Пәкістанды стратегиялық серіктестер деп атады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Пәкістанның "Техрик-е Инсаф" (Әділет қозғалысы) партиясының жетекшісі Имран Ахмадхан Ниазимен телефон арқылы сұхбаттасып, бұл партияны Пәкістандағы парламенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, жаңа кезеңде екі ел арасында жақынырақ қарым-қатынастың қалыптасатындығына үміт білдірді.
Рухани, сондай-ақ, Имран Ахмадхан Ниазиді қазан айында Теһранда өтетін Азия ынтымақтастығы диалогы ассамблеясының отырысына қатысуға шақырды.
Имран Ахмадхан Ниази екі ел қарым-қатынасының одан ары дамып, тереңдей түсетіндігіне сенім білдіріп, Пәкістанның Иранмен байланысты нығайтуға зор маңыздылық беретінін айтты.