Рухани: Каспий теңізі маңындағы елдер әріптестік жасау үшін қажет әлеуеттерге ие
ИИР Президенті Каспий теңізі маңындағы елдердің әріптестік жасау үшін жақсы әлеуеттер мен мүмкіндіктерге ие екендігіне тоқталып, Каспий маңы елдері басшыларының саммитын осы теңізге қатысты өте маңызды саммиттердің бірі деп атады..
Хасан Рухани жексенбі күні таңертең Каспий маңы елдері басшыларының саммитына қатысу үшін Теһраннан Қазақстанның Ақтау қаласына аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатында Каспий теңізіндегі мұнай мен газдың дамуға серпін бере алатынын айтып, елдер арасындағы мұнай өндірісі мен соны пайдалануды, сондай-ақ, мұнай мен газ свопын қолдану саласындағы әріптестікті Каспий теңізі маңындағы елдер арасында талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі деп атады.
Ол транзит мәселесін Каспий маңы және аймақтық елдері үшін өте маңызды мәселелердің бірі деп атап: «Каспий теңізінің шығысы, яғни Түркіменстан мен Қазақстан Иранға, одан ары оңтүстіктегі сулар Парсы шығанағы мен Оман теңізіне қосылған. Каспий теңізінің батыс жағын қосу үшін де бастапқы қадамдар жасалып, «Астара-Астара» темір жол жобасы жүзеге асырылды.
Иран мен Азиядағы көптеген елдер Каспий теңізінің шығысы мен батысындағы осы екі транзиттік дәліз арқылы Орта Азия, Кавказ, Ресей мен Еуропаға қосылады. Каспий теңізі маңындағы бес ел үшін транзит мәселесі өте маңызды»,-деді.