Ислам революциясының жетекшісі елінің АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін қуаттады
(last modified Mon, 13 Aug 2018 14:35:09 GMT )
Там 13, 2018 20:35 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ басшыларының санкция, соғыс пен келіссөз туралы әдепсіз сөздеріне тоқталып: «Соғыс болмайтынын, келіссөз жүргізбейтіндігімізді баса айтамыз",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні таңертең Иран халқының әртүрлі әлеуметтік топтарына жататын мыңдаған адаммен кездесуінде маңызды баяндама жасап: "Соғыс болмайды, өйткені біз ешқашан соғыс бастамаймыз. Америкалықтар да шабуылды жасамайды, өйткені өздеріне зиянмен аяқталатындығына жүз пайыз сенімді. ИИР-ның жүйесі мен халқы кез келген басқыншыға қатаң соққы беретінін дәлелдеді",-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-пен келіссөз жүргізу жайлы мәселеге тоқталып: "Нақты дәлелдер, өткен тәжірибе және құбылмалы әрі зорлықшыл режиммен келіссөзден көрген көптеген зарарларға байланысты америкалықтармен келіссөз жүргізбейміз",-деді.

Аятолла Хаменеи "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ-пен келіссөздердің нәтижесінің айқын мысалы деп атап: "Америкалықтардың келіссөздердегі формуласына сәйкес олармен келіссөз жүргізетін әлемдегі кез келген ел қиыншылыққа ұшырайды, тек Вашингтонға жақтас болса ғана аман қалады. АҚШ-тың қазіргі үкіметі еуропалықтарға да күш көрсетіп отыр",-деді. 

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, саудиялықтардың өткен аптада Йеменде екі қылмыс жасағанына, яғни бір аурухананы бомбалап, йемендік оқушылар отырған автобусқа шабуыл жасап, жазықсыз,  қорғансыз балаларды өлтіргеніне тоқталып: "Осы қылмыстарға қарсы әлемнің ұжданы оянды. Бірақ америкалықтар бұл апаттарды айыптаудың орнына өздерінің саудиялықтармен стратегиялық қарым-қатынасы жайлы сөйледі. Сондықтан, «АҚШ басшылары шынымен адам ба?» деген сауал туындайды.

Аятолла Хаменеи мигрант болғанына байланысты 2 мыңға жуық баланы аналарынан бөліп, оларды қамауды бұрын-соңды болмаған келесі бір қылмыс деп атап: "Ойландыратын жайт – америкалықтардың мұндай шараларды ұялмастан бүкіл әлем халықтарының алдында жасап отырғанында. Иран екі дос ел – Сирия мен Иракқа  АҚШ пен Сауд Арабиясының қоқан-лоққыларына төтеп беруге көмектесті. Бұл – дос елдер арасындағы қатынастың бір түрі",-деп қуаттады.  

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің келесі бір бөлігінде Иран халқы мен жауапты тұлғаларының қоғамдық бірлігінің қажеттігіне тоқталып: "Ел ешбір тығырыққа тіреліп тұрған жоқ. Үш билік органындағы жауапты тұлғалар талпыныс жасап, бірлесе жұмыс істеп, мамандардың пікірлерін пайдалану арқылы халықты қиындықтар мен қысымдардан шығару керек",-деді.