Лариджани: Саудиялықтар тарихтағы қанішерлерді басып озды
https://itolqyn.com/news/iran-i38658
Иран Сот органының басшысы Сауд Арабиясының Йемендегі соңғы қылмыстарын, әсіресе оқушылар отырған автобусқа жасаған шабуылын айыптап, оларды қорқынышты қылмыстар деп сипаттап: "Сауд режимі тарихтағы қанішерлерді басып озды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 14, 2018 14:59 Asia/Almaty

Иран Сот органының басшысы Сауд Арабиясының Йемендегі соңғы қылмыстарын, әсіресе оқушылар отырған автобусқа жасаған шабуылын айыптап, оларды қорқынышты қылмыстар деп сипаттап: "Сауд режимі тарихтағы қанішерлерді басып озды",-деді.

Аятолла Садеқ Амоли Лариджани дүйсенбі күні Сот органының жауапты тұлғаларының жиналысында Сауд Арабиясының Йемен халқына тәуелсіздікті талап етіп, зорлыққа көнбегені үшін қатты шабуыл жасап жатқанын айтып: "Өкінішке орай, бір ислам елінің жолдан тайып, құлдырағаны соншалықты, қорғансыз балаларға да  рақымшылық жасамайды",-деді.

Амоли Лариджани АҚШ пен Батыс елдерінің Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарын қолдап отырғанына тоқталып: "Халықаралық ұйымдардың, әсіресе БҰҰ-ның осы қылмыстарға қатысты үнсіздік танытуы саудиялықтардың АҚШ-тың қолшоқпары екенін, сол елдің қолдауына ие болып отырғанын көрсетеді",-деді.