Зариф: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция Иранның мүддесіне сай
Там 16, 2018 15:43 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның Иранның аумақтық тұтастығын сақтап қана қоймай, осы аймақтағы көршілес елдермен достық қарым-қатынас орнатып, оны жалғастыруға да септігін тигізетінін баса айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Иранның 2-арнасының "Арнайы сұхбат" бағдарламасына берген сұхбатында 3-4 айдан кейін Каспий теңізінің бастапқы сызығына қатысты келіссөздердің басталатынын айтып: "Каспий теңізі маңындағы елдердің басшылары Қазақстанда өткен саммитте осы теңіздің бастапқы сызығы туралы келісімге келген жоқ. Ресей мен Қазақстан арасында ғана су асты қойнауы жайлы 20 жыл бұрын бір келісім жасалған болатын",-деді.
Тегтер