Иран Ислам Революциясы жетекшісінің үш биліктің басшыларын қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Thu, 07 Apr 2016 09:29:01 GMT )
Сәу 07, 2016 15:29 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Революциясы жетекшісінің үш биліктің басшыларын қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам Революциясының жетекшісі Ислам Республикасының басшыларының бір тобын қабылдауында Иран халқының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және мәселелерін шешу үшін қажет кез келген пайдалы іс-әрекетті қолдайтынын тағы қуаттады.

Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні үкіметтік топ мүшелері, Ислам кеңесі мәжілісінің төралқасы, сот билігінің жоғарғы басшылары мен басқа да ұйымдардың басшыларын қабылдауында қайраткерлерге, әсіресе үкіметке қарсыласу экономикасының саясаттарының жүзеге асырылуын қадағалау талпыныстары үшін алғыс білдіріп, пікірлестік пен тілектестіктің, сондай-ақ, ел басшыларының бірлігінің осы саясаттарды жүзеге асырудағы орнын маңызды деп бағалады.

Хазірет қарсыласу экономикасында әрекет етудің жыл соңында түрлі салалардағы жетістіктерден нақты әрі елеулі есеп ұсынуға болатындай нәтижеге жетуі керектігін қуаттап: "Атқарушы билік қарсыласу экономикасының саясаттарын жүзеге асыра алатындай күш-қуатқа ие" деді.

Ислам Революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында АҚШ-ты ахлақсыздықтың белгісі деп атап: "Америкалықтарға сенуге болмайды. Америкалықтардан басқа кейбір Батыс елдеріне де сенбеу керек. Сондықтан тек өз күшімізге ғана сенуіміз қажет. АҚШ қайраткерлерінің іс-әрекеттері мен ұстанымдары да осыны көрсетеді" деді.

Хазірет аятолла Хаменеи сонымен қатар пікірлестік пен тілектестіктің және басшылардың бірлігінің қарсыласу экономикасын жүзеге асыруға жағдай тудыратынын айтып: "ИИР-да әрдайым ұлттық бірлік салтанат құрды» деп қуаттады.

Тегтер