Жетекшінің ел Президенті және Үкімет мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Thu, 30 Aug 2018 15:55:18 GMT )
Там 30, 2018 21:55 Asia/Almaty
  •  Жетекшінің ел Президенті және Үкімет мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзі

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні ел Президенті мен Үкімет мүшелерімен кездесуінде экономика мен сыртқы саясат және ұлттық бірлік пен ішкі тұтастық мәселелеріне қатысты маңызды факторларды қуаттады.

Аятолла Хаменеидің кездесудегі сөзінің үлкен бөлімі сыртқы саясатқа шолу мен экономикалық мәселелерді шешу жолдарына арналды.  Ислам революциясының жетекшісі көршілес елдермен жақын әрі күнделікті дамып келе жатқан қарым-қатынастарды, сондай-ақ, еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынасты қуаттап, Еуропамен қарым-қатынас пен келіссөздерді жалғастыруды мақұлдап: «Бірақ олармен бұл істі жалғастырумен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы немесе экономика мәселелеріне қатысты үмітті үзу керек»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ америкалықтармен жүргізген барлық келіссөздердің теріс болғанын қуаттап: «Сырт көзге өздерін дұрыс көрсетуге талпынған АҚШ-тың бұрынғы басшыларымен жүргізген келіссөздердің нәтижесі осындай болды. Ал ирандықтар үшін қанжар дайындап отырған АҚШ басшыларымен ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейді»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Президенті мен Үкімет мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде елдің бетпе-бет келіп отырған қиындықтарына, елдің мүмкіндіктері мен сыртқы саясаттағы қырағылыққа ерекше назар аударды. Өткен 40 жылда АҚШ Иран революциясы, халқы және Ислам республикасы жүйесіне қарсы қолынан келген кез келген қастықты іске асырды. Қазір АҚШ ішкі қайшылықтар мен алауыздықтар арқылы Иранды экономикалық қысымдарға бағындыруды көздеуде.

Осы мәселелерді қуаттап, Ислам революциясының жетекшісі елдің көптеген экономикалық мүмкіндіктерін пайдалануды қуаттады.  Ислам революциясының жетекшісі экономикалық басқарудың қажеттігі туралы тақырыптың жалғасында Иранның көптеген экономикалық мүмкіндіктерін пайдалануды қуаттап, халықаралық орталықтардың  мәліметтеріне сүйеніп: "Иран қолданылмаған мүмкіндіктері тұрғысынан әлемде бірінші орында. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың мәліметтеріне сәйкес, жалпы ішкі өнім тұрғысынан 200-ден астам елдің арасында Иран 18-ші орында орналасқан. Сондықтан, егер ішкі мүмкіндіктермізді артығырақ әрі тиімдірек пайдалансақ, әлемдік деңгейде жоғарырақ орынға ие бола аламыз",- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасы екі маңызды мәселеге шоғырланды: біріншіден, Иран еш уақытта ешбір қиындықтар мен қысымдардың алдында артқа шегінген емес; екіншіден, Иран өткен кезеңнің тәжірибесін ұмытпай, АҚШ-тың негізгі мақсатын жақсы біледі. Бұл кезеңде де Иран халқы өзіне сеніп, қиындықтар мен қастықтарға қарсы тұрып, Еуропа іске асыра алмайтын және «Ортақ қадам» келісімінің басқа тараптарының уәделеріне сенім артпай, елдің ішкі мүмкіндіктерін пайдаланып, шешім жолдарын табады.