Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тараптарын міндеттемелерін орындауға шақырды
https://itolqyn.com/news/iran-i38841
ИИР Сыртқы істер министрі егер Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы серіктестері осы келісімді сақтап қалуды қаласа, нәтижесіз мәлімдеме жариялаудан бас тартып, сындарлы әрекет жасап, ИИР-ның экономикалық мүдделерін қорғауға бет бұруы тиіс деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 31, 2018 16:52 Asia/Almaty
  • Зариф

ИИР Сыртқы істер министрі егер Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы серіктестері осы келісімді сақтап қалуды қаласа, нәтижесіз мәлімдеме жариялаудан бас тартып, сындарлы әрекет жасап, ИИР-ның экономикалық мүдделерін қорғауға бет бұруы тиіс деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф АҚХА-ның жаңа есебі мен онда Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігі тағы расталғаны жайлы Twitter-дегі жеке парақшасында: "Егер мақсат "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу болса, қатыссыз талап қоюдың орнына осы келісімдегі міндеттемелерге берік болып, экономикалық қарым-қатынасты қалыптандырудан басқа амал жоқ. Ядролық келісімге іс жүзінде құрмет көрсетіп, оған қатысты бос сөйлеуден бас тарту – Иранның алдындағы жалғыз таңдау жолы емес",-деп жазды.