Иран мен Қытай ғылыми ынтымақтастықтарды нығайтуды қуаттады
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары мен Теһрандағы Қытай елшілігінің мәдени істер бөлімінің басшысы екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықтарды нығайтуды қуаттады.
ILNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хосейн Салар Омули Теһрандағы Қытай елшілігінің мәдени істер бөлімінің басшысымен кездесуінде Ирандағы ғылым мен технологияның дамуы мен елінің университеттерінің әлемдік деңгейдегі орнының артып келе жатқанын баяндады. Кездесуде сондай-ақ, Иран мен Қытай арасындағы келісімдер және мәдениет, өнер мен білім салаларындағы алмасулар негіздері бойынша екі елдің жоғары оқу орындарының байланыстары мен ғылыми-зерттеу ынтымақтастықтарын нығайту және ортақ бағдарламалар жасау қуатталды.
Ұстаздар және студенттермен алмасу, парсы және қытай тілдерін оқытуды қолдау мен кітапханалар арасындағы ынтымақтастық Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары мен Теһрандағы Қытай елшілігінің мәдени істер бөлімі басшысының кездесуінде қарастырылған тақырыптар болды.