Жетекші көзқарасы: Иранның әуе қорғаныс базасының ерекшеліктері мен қуаты
"ИИР Әскерінің әуе қорғаныс базасы бүгінде Қарулы күштердің өте маңызды бөлігіне, Иран дұшпандарымен күресте алғы шепке айналған".
Ислам революциясының жетекшісі және бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи бұл сөзді жексенбі күні ИИР Әскерінің Хатам әл-Анбия әуе қорғаныс базасының қолбасшылары және жауапты тұлғаларымен кездесуінде айтты. Хатам әл-Анбия әуе қорғаныс базасы өзінің он жылдық жарқын әрі нәтижелі белсенділігі барысында жергілікті мамандардың іргелі ғылымына негізделген әуе қорғанысы саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
ИИР-ның қорғаныстық доктринасы тежегіш және инновациялық және әсерлі қорғаныс мақсатында қорғаныс қажеттіліктерін өндіріп шығару болып табылады. Осы шеңберде әуе қорғаныс базасының әлеуеттері жергілікті ерекшелігін пайдалана отырып дами түсті. Нақтырақ айтқанда, Иран әуе мен ғарыш кеңістігіндегі қауіп-қатерлермен күресуде жоғары деңгейдегі қуатқа ие.
Ең танымал әрі ең ықпалды америкалық сараптама орталықтарының бірі American Enterprise Institute (AEI) ғылыми орталығы "Иранның қауіпсіздік саясатының келешегі" атты мақаласында: "1981 жылы Иран басшылары тарапынан құрылған Иранның Қорғаныс өнеркәсібі ұйымы АҚШ пен Еуропадан қару-жарақ импорттамай, Иранның қорғаныс өнеркәсібін зерттеп, дамытуды өз мойнына алған болатын. Ирандық инженерлер өздері "СКАД" зымыранын шығара алған кезде Иранның баллистикалық зымырандар қоймасы бұл елдің қорғаныс өнеркәсібінің көркіне айналды",- деп жазды.
АҚШ Әскерінің орталық штабындағы Иран істері жөніндегі бұрынғы маман және American Enterprise институтындағы ирантанушы Мэтью Макиннис осы мақаласында былай деп жазды: "Иран алдағы жылдардың ішінде өзіне нағыз әскери өзгеріс мүмкіндігін сыйлайтын бұдан да көп әскери технологияларға қол жеткізеді".
Қазіргі таңда бұл қабілет әуе қорғанысы саласындағы өте жоғары деңгей саналады. Бұған Иран Қарулы күштерінің әуе қорғаныс базасы жүйелерінің өркендеуі мен дамуы дәлел.
Көптеген сарапшылардың көзқарасы бойынша, Иран әуе күштеріне тән айрықша ерекшеліктердің біріне бұл елдің ұшыру және әсерлі әуе амалдарын жүзеге асыруы жатады. Осы орайда әуе қорғаныс базасының қуатты жүйелері, соның ішінде "Бавар 373" әуе қорғаныс жүйесі, орта қашықтыққа арналған "Мерсад" әуе қорғаныс жүйесі мен қысқа қашықтыққа арналған "Йа, Заһра" әуе қорғаныс жүйесі жобаланып, шығарылған.
Ұлыбританиялық Jane's Defence апталық басылымының жазуы бойынша, Иран қазіргі кезде дамыған радарларға, атап айтқанда анықтауға арналған "30N6" радар жүйесіне ие.
Осындай қабілеттердің жиынтығына байланысты Ислам революциясының жетекшісі өз сараптамасында Иранның қорғаныс салаларындағы жетістіктерінің маңыздылығын баса айтып: ""Саяси есептеулер тұрғысынан әскери соғыстың орын алатын ықтималы жоқ. Қарулы күштер қырағылық пен тиімді әрі епті басқару арқылы өзінің адами күштері мен қару-жараққа қатысты қабілеттерін күн сайын арттырып, дамытып отыруы тиіс» деп баса айтты.