Зариф: Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін теріс мақсатта пайдалануды көздейді
https://itolqyn.com/news/iran-i38914
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың басқаруымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бір отырысының өткізілуіне білдірген реакциясында: "Трамп АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалық кезеңін теріс пайдаланып, осы отырысты түзу жолдан тайдыруды көздейді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 06, 2018 14:17 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін теріс мақсатта пайдалануды көздейді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың басқаруымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бір отырысының өткізілуіне білдірген реакциясында: "Трамп АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалық кезеңін теріс пайдаланып, осы отырысты түзу жолдан тайдыруды көздейді",-деді.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли сейсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарының бірін басқаруды көздеп отырғанын хабарлады.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Трамп әшкере арсыздықпен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Палестина мәселесінің орнына Иран мәселесінің талқылануын қалайды",-деп жазды.