Эксперттер кеңесі исламдық қарсыласу қозғалысын қолдау қажеттігін қуаттады
Қыр 06, 2018 14:33 Asia/Almaty
Ислам революциясы жетекшісінің Эксперттер кеңесі сәрсенбі күні өзінің бесінші ресми жиналысында қарар қабылдап, исламдық қарсыласу қозғалысын қолдайтынын қуаттады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Эксперттер кеңесі бұл қарарда АҚШ және халықаралық сионизммен күресіп, әсіресе Палестина, Ливан, Сирия мен Йемендегі исламдық қарсыласу қозғалыстары мен Бахрейндегі жапа шеккен халықты қолдау қажеттігін айтты.
Эксперттер кеңесі, сондай-ақ, дұшпандардың Иран халқына қарсы экономикалық соғысына тоқталып, АҚШ-тың әділестіз санкцияларына төтеп беру үшін қарсыласу экономикасы саясаттарын орындау қажеттігін қуаттады.
Тегтер