Иран, Ресей мен Түркия президентері Теһран отырысы бойынша қорытынды мәлімдеме жариялады
(last modified Sat, 08 Sep 2018 09:51:03 GMT )
Қыр 08, 2018 15:51 Asia/Almaty

ИИР президенті Хасан Рухани мен Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні Теһранда өткен үшжақты отырыстың соңында жариялаған 12 тараудан тұратын ортақ мәлімдемеде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан анықталған Сириядағы ДАИШ, "ан-Носрат" майданы, әл-Каида мен ДАИШ-ке тәуелді барлық лаңкестік құрылымдардың, ұйымдар мен топтардың көзін жоюға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделік танытты.

Иран, Ресей және Түркия президенттері Сочиде Сирияның ұлттық келіссөздер Конгресі шешімдерімен бағыттас саяси үдерісті ілгерілету мақсатындағы белсенді әріптестікті жалғастыруға ерік білдіріп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарын сақтауды қуаттады.

Иран, Ресей және Түркия басшылары сондай-ақ босқындардың Сириядағы өз үйлеріне аман-есен және өз еркімен қайта оралуы үшін қажет жағдайды жасау қажеттігін баса айтты.

 

 

Тегтер