Зариф: Трамп режимі ұстанымының құбылмалығы – күлкілі
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Трамп режимі ұстанымының кенеттен өзгеруі шынымен-ақ күлкілі. Бір аптада олар "Біз елден тыс жерлерге өз қаражатымызды бекер құртып жатырмыз" деп айтса, келісі аптада палестиналықтарға жеткілікті көлемде көмектеспедік деп уәж айтады",-деп жазды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "АҚШ 1994 жылдан бері палестиналықтарға шамамен 3-6 млрд доллар көлемінде қолдау көрсетті, ал Иран жеткілікті мөлшерде көмектеспеді",-деген уәж айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұл уәжі Вашингтонның соңғы бір жылдың ішінде Палестина мәселесін жою үшін көптеген шешім қабылдап, соның ішінде Құдсты сионистік режимнің астанасы деп танып, АҚШ елшілігін осы қалаға көшіріп, артынан палестиналық босқындарға барлық көмекті тоқтатуға шара қолданған жағдайда айтылып отыр.