Иранның зымырандық қуаты талқыланбайды
(last modified Mon, 10 Sep 2018 09:43:59 GMT )
Қыр 10, 2018 15:43 Asia/Almaty

Бүкіл Қарулы күштердің Бас қолбасшысының қорғаныстық өнеркәсіптер жөніндегі кеңесшісі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан жексенбі күні жарияланған Russia al-Yaum арнасына берген сұхбатында Иранның зымырандық қуатының тақыланбайтынын баса айтып: "Иранның зымырандық қуаты – халқымыздың айбыны, абыройы, тәуелсіздігі мен сеніміне қатысты мәселе. Сондықтан талқыланбайды",- деп мәлімдеді.

Деһқан АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясының аймақта ірі бүлікті басқарып отырғанын баяндап: "Бұл елдердің Иранмен тікелей соғысуға шамалары келмейді",- деп қуаттады. Қарулы күштер Бас қолбасшысының кеңесшісі Сирияның Илдиб облысындағы жағдайына тоқталып: "Лаңкестерді еріктеріне қалдырып, бір жерден екінші жерге көшіп жүруіне жол бермеу керек. Лаңкестермен күресіп, олардың көзін жою қажет",- деді.

 

 

 

Тегтер