Лариджани: Дұшпан халықты революциядан бөлеміз деп ойлап қателеседі
https://itolqyn.com/news/iran-i38977
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "Әлемде, әсіресе АҚШ-та Иран халқын санкциялар мен қысымдарды күшейтіп, Ислам революциясынан алыстата аламыз деп ойлайтын ағымдар бар, бірақ олар қателесуде",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 11, 2018 17:28 Asia/Almaty
  • Лариджани: Дұшпан халықты революциядан бөлеміз деп ойлап қателеседі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "Әлемде, әсіресе АҚШ-та Иран халқын санкциялар мен қысымдарды күшейтіп, Ислам революциясынан алыстата аламыз деп ойлайтын ағымдар бар, бірақ олар қателесуде",- деді.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Әли Лариджани Иранның оңтүстігіндегі Парс облысы сапарының екінші күні Иранның шәһидтердің қаны мен халықтың алға ілгерілеуін қолдайтынын қуаттап: "Барша АҚтың нөкері болған аймақта имам Хомейни Иран халқын құтқарды. Бүгін Ислам революциясы басқалар үшін үлгіге айналды",- деді.

Лариджани "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық мәселеге қатысты келісімнің халыққа қарсы қысымдарды азайту үшін қабылданғанына тоқталып: "Халықтың дұшпандары халықты үмітсіздендіру үшін қысымдарын арттыруда",- деді.