Иран лаңкестікпен күресте ымырасыз
Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің позицияларын нысанаға алу кейбір батыс елдеріне қарағанда ИИР-ның лаңкестікпен күресте айқын ұстанымға ие екенін, ұлттық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтауда және әскери қоқан-лоққыларға қатысты ымырасыз екенін көрсетті.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы бейсенбі күні Франция СІМ-нің ИИР-ның Ирактың солтүстігіндегі лаңкестерге қарсы шарасына алаңдаушылық білдіруіне танытқан реакцияда: "Иран бұдан бұрын Бағдад үкіметі мен Ирактың Күрдістан аймағының басшыларына лаңкестік топтардың бүлдіргі әрекеттеріне байланысты ескерту жасады",-деді.
Франция СІМ Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің позицияларына жасаған зымырандық шабуылынан кейін Ирактың ұлттық егемендігіне құрметпен қарау қажеттігін баса айтып, Иранның зымырандық бағдарламасының дамуына алаңдаушылық білдірді. Францияның бұл ұстанымы Батыстың лаңкестікпен күресте бұрынғыдай екіқырлы қатынас ұстанып отырғанын тағы көрсетті. Бұл қатынас Сириядағы лаңкестікпен соғыста толық байқалды. Батыс елдері, әсіресе Франция, Ұлыбритания мен АҚШ терроризмді "жақсы-жаман" деп бөлу арқылы өздерінің саяси мақсаттарын ілгерілетеді.
Елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына екіқырлы стандарттармен және таңдаулы негізде қарауға болмайтыны сынды ИИР әрдайым лаңкестікті қандай қалыпта болсын, әлемнің қай жерінде болсын, ешбір саяси ерекшелікке қарамай айыптап келеді. Осы аяда Иран үкіметі Ирактың Күрдістан аймағының басшылары мен Бағдадтағы орталық үкіметке Ирак жеріндегі революцияға қарсы лаңкестік топтардың әрекеттері жайлы сан рет ескерту жасап, олармен қатаң қатынастың жасалуын талап етті. Ескертулерге қарамастан, Ирактың солтүстігінде орналасқан лаңкестер жуырдағы бірнеше лаңкестік әрекетте Иранның батысындағы Күрдістан облысында 11 ирандық азаматты шәһид етті.
Лаңкестердің осындай әрекеттеріне жауап беріп, өзінің аумақтық тұтастығын сақтау – кез келген елдің заңды құқығы. Иран өзі лаңкестіктің құрбаны болғандықтан лаңкестікпен күресте алғы шепте тұр және өз жерінің қауіпсіздігін сақтауда ешқашан босаңдық танытпайды. Осы аяда Ислам революциясының Сақшылар корпусы өткен сенбі күні жерден жерге атылатын 7 зымыранды Ирактың Күрдістан аймағындағы революцияға қарсы лаңкестік топтардың басшылары орналасқан жерге атты. Бұл зымырандық шабуыл мағыналы жолдауға ие: біріншіден, Иран лаңкестікпен күресте және өзінің қауіпсіздігін сақтауда ешбір елмен ымыраға келмей, лаңкестерді қай жерде болса да, нысанаға алады; екіншіден, Иран өзінің аумақтық тұтастығын сақтауда ешбір елден рұқсат сұрамайды және өзінің әскери-қорғаныс қуаты мен құралдарын пайдалану арқылы дұшпандардың кез келген қоқан-лоққысына кесімді жауап береді.
Бұл қорғаныс және зымырандық қуат ИИР-ның өзіне қарсы кез келген қоқан-лоққы мен арандатушы әрекетке қатаң да әсерлі түрде жауап беруге қабілетті екенін көрсетеді. Осындай жағдайда ешбір ел өзінің қорғаныс қуаты жөнінде келіссөз жүргізбейді. Лаңкестік және бейберекеттікпен күресте айқын саясаты бар Иран да өзінің аумақтық тұтастығын сақтау үшін зымырандық қуатты пайдаланады. Басқа елдердің саясаты Иранның қорғаныс және зымырандық қуатына негіз болмайды.