Қыр 16, 2018 16:53 Asia/Almaty
  • Жапа шеккендерді қорғағаны үшін зәртуштер иман Хосейнді (ғ.) құрмет тұтады

Иранның Йезд облысындағы зәртушт дінінің жетекшісі: "Иран мен әлем зәртуштерінің әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хосейнге (ғ.) ерекше құрметі оның тарихта жапа шеккендер, хақ пен ақиқатты қорғауына байланысты қалыптасқан",-деді.

Зәртушт дінінің жетекшісі әрі имам Хосейн мен "аһл-е бейтті" мадақтаушы Рустам Кавсианзаде сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Зәртуштердің имам Хосейнге (ғ.) деген махаббаты мен ықыласы тереңнен басталып, мұхаррам айы мен Ашураның басталуымен өзінің шарықтау шегіне жетеді. 

Жапа шеккендер, илаһи армандар мен мақсаттарды қорғау үшін өзі мен жанұясының шәһид болуына дайын болған адам құрметке лайық. Бұл хазірет имам Хосейннің (ғ.) болмысынан толығымен көрініс тапты",-деді.

Тегтер