Парсы шығанағында Иран армиясы мен Сақшылар корпусының ортақ әуе жаттығуы басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i39094-Парсы_шығанағында_Иран_армиясы_мен_Сақшылар_корпусының_ортақ_әуе_жаттығуы_басталды
ИИР армиясының жарнама бөлімі басшысының орынбасары полковник Юсеф Сафипур «Қорғаныс» аптасының басталуына байланысты Парсы шығанағы мен Оман теңізінде Иран армиясы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының ортақ әуе жаттығуы басталғанын хабарлап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 21, 2018 20:02 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағында Иран армиясы мен Сақшылар корпусының ортақ әуе жаттығуы басталды

ИИР армиясының жарнама бөлімі басшысының орынбасары полковник Юсеф Сафипур «Қорғаныс» аптасының басталуына байланысты Парсы шығанағы мен Оман теңізінде Иран армиясы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының ортақ әуе жаттығуы басталғанын хабарлап:

"Ортақ жаттығуда 9 F4, 4 "Мираж", 6 Су-22, 4 Tucano, 3 Як-12 ұшақтары мен 3 Chinook, 2 "212" тікұшақтары қатысады",-деді.

Полковник Юсеф Сафипур Иран армиясы мен Сақшылар корпусының ортақ әуе жаттығуында елдің әскери күш-қабілетінің ғана көрсетілмейтінін, сонымен қатар көршілес дос елдерге бейбітшілік пен достық жолдауының да жіберілетінін айтып: "Егер дұшпандар исламдық Иранға қырын қарайтын болса, жойқын жауап алады",-деді.