Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен "Шам-е Ғарибан" аза тұту рәсімдері өтті
(last modified Fri, 21 Sep 2018 14:45:30 GMT )
Қыр 21, 2018 20:45 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен

"Шам-е Ғарибан" атты қайғылы кеште хазірет Аба Абдулла әл-Хосейн (ғ.) мен хазіреттің жанұясын сүйетін мыңдаған адам Имам Хомейни атындағы кесенеде жиналып, Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен аза тұту рәсімін өткізді.

Рәсімде ходжат ул-ислам уа ал-мослемин Али Ашура күнгі және содан кейінгі Хашем әулетінің ерліктеріне тоқталып: "Хазірет Зейнеп (с.) ақыл сен көрегендікті атасы Ислам пайғамбарынан (с.ғ.с.), ержүректікті әкесі имам Әлиден (ғ.), ибалық пен пәктікті шешесі хазірет Фатимадан (с.), сабырлықты ағасы имам Хасаннан (ғ.), ізет-құрметті шәһидтердің басшысы имам Хосейннен (ғ.) алған. Сондықтан ол ағасы хазірет Аба Абдулла әл-Хосейнге (ғ.) қатты ұқсаған",-деді.
"Шам-е Ғарибан" Ашура оқиғасында аман қалған имам Хосейннің (ғ.) жанұясының, тұтқындар мен балалардың қараңғы түнде панасыз Кербала даласында өткізген түнін еске түсіреді.