БАӘ елшісінің орынбасары Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
(last modified Sun, 23 Sep 2018 17:22:30 GMT )
Қыр 23, 2018 23:22 Asia/Almaty
  • БАӘ елшісінің орынбасары Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Біріккен Араб Әмірлігі саяси кеңесшілерінің бірінің Ахваздағы лаңкестік шабуыл туралы дөрекі сөздерін түсіндіруі үшін Теһрандағы елшісі орынбасарының шақыртылғанын хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні: "Біріккен Араб Әмірлігі саяси кеңесшілерінің бірінің Ахваздағы лаңкестік шабуыл туралы дөрекі сөздерінен кейін сол елдің Теһрандағы елшісінің орынбасары Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, оған Теһранның наразылығы жарияланды",- деді.

Біріккен Араб Әмірлігі  ұстаздарының бірі әрі тақ мұрагерінің кеңесшісі Абдолла Абд әл-Халеқ Твиттердегі парақшасында Ахваздағы лаңкестік әрекетті қолдап: "Әскери нысанаға қарсы әскери шабуыл жасалды, бұл лаңкестік шабуыл емес. Қақтығыстарды Иранның ішіне жеткізу – бұрын жарияланған мәселе. Келесі кезеңдерде мұндай шабуылдар арттады",- деп жазды.