Лаңкестік – ислам елдерінің дамуы жолындағы үлкен кедергі
(last modified Mon, 24 Sep 2018 18:20:06 GMT )
Қыр 25, 2018 00:20 Asia/Almaty
  • Лаңкестік – ислам елдерінің дамуы жолындағы үлкен кедергі

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы дүйсенбі күні Теһранда Әзірбайжан республикасының Ішкі істер министрі Рамиль Усубовпен кездесіп, АҚШ пен сионистік режимнің көршілес елдер арасында араздық тудыру саясаттарына наразылық білдіріп:

«Қырағылықты сақтап, сындарлы әріптестік пен диалогты арттыру арқылы жамандық тілеушілердің аймақ елдері арасына іріткі салып, теріс көзқарас тудыру мақсатындағы талпыныстарын залалсыздандыру керек",-деді.   

Шамхани АҚШ санкцияларының заңсыз екеніне, оның Дональд Трамп тарапынан қарсылас елдерден жеке кек алудың құралына айналдырылғанын айтып: "Бұл шаралардың әсері болмайтынымен қатар олар АҚШ-тың халықаралық қауымдастықта одан ары оқшаулана түсуіне себеп болады",-деді.

Әзірбайжан республикасының Ішкі істер министрі де Әзірбайжанның Иранмен жан-жақты әріптестік пен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендігін баяндап, бұл жолда ұсынылған барлық бастамалар мен ұсыныстарды қабылдап, қарастыратындықтарын мәлімдеді.