Спорт алаңдарынан майдандарға дейінгі лаңкестікпен күрес пен жеңіс
(last modified Tue, 25 Sep 2018 11:15:24 GMT )
Қыр 25, 2018 17:15 Asia/Almaty
  •  Спорт алаңдарынан майдандарға дейінгі лаңкестікпен күрес пен жеңіс

Қыркүйектің 22 күні Ахваз қаласында орын алған ащы оқиға мен қорғансыз адамдардың жалдамалы лаңкестердің қолынан қаза болуы Иран халқының мақтан тұтарлық даму жолында көптеген дұшпанға ие екенін көрсетті.

Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Индонезияда өткен 2018 жылғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылардың бір тобымен кездесуінде сенбі күні Ахвазда орын алған лаңкестік оқиғаға тоқталып: "Мәліметтер бойынша, бұл – Сирия мен Иракта қиындыққа ұшырағанда  америкалықтар құтқарып алатын, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің қаржылай көмегіне сүйенген адамдардың пасық әрекеті",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ, әлемдік ойындардағы ирандық қыз-жігіттердің жеңіске жетуін азат халықтардың ризалығына, үстемшілердің ызасына себеп  болуда деп атап: "Үстемшілдер Иран халқының әр саладағы жеңістеріне ашу-ыза танытады. Сондықтан, сіздердің жеңістеріңіз - халықтың жеңісі, Иран дұшпандарының сәтсіздіке ұшырауы",- деді.

ИИР үстемшілердің саясаттары мен шабуылдарына қарсы табандылық көрсетуді қатерлі міндет  деп атады. Бұл табандылық бүгінде барлық салалардан, олардың ішінде спорт жарыстарынан да байқалуда.

Ислам революциясының жетекшісі  сондай-ақ, сионистік режим өкілдерімен жарыс өткізуге қарсылық білдіріп: "Ислам республикасы революциясының басынан бастап сионистік режим мен Оңтүстік Африканың  нәсілшіл режимін ресми қабылдамады. Алайда Оңтүстік Африканың апартеид режимі құлады. Заңсыз нәсілшіл сионистік режим де құлайды",- деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің спортшылармен кездесуіндегі сөздері Иран халқының дұшпандарына, әсіресе АҚШ пен сионистік режимге қатысты анық жолдауларға ие. Ирак пен Сириядағы сәтсіздіке ұшыраған лаңкестер мен олардың қолдаушылары жазықсыз адамдарға қарсы лаңкестік шабуыл жасап, оларды өлтіріп, Иранды өз ұстанымдарынан шегіндіре алады деп жаңсақ ойлайды. Иран еш уақытта қоқан-лоққылардан қорқып, өз ұстанымдарынан шегінбейді.

АҚШ, Израиль және үстем араб режимдері қоқан-лоққының уақытының өткенін білгені жөн. Өткен маусым айындағы Теһрандағы ДАИШ-тың лаңкестік әрекеті мен Иранның бұл әрекетке Сирияда жауап қайтаруы лаңкестерге қарсы соғыстың Иран шекараларының сыртында да жалғасып жатқанын көрсетті. Қоқан-лоққы жасаушыларға қатаң жауап қайтару аймақтағы ұжымдық қауіпсіздікке себеп болады.