Теһран отырысында лаңкестікпен күресте аймақтық механизмдер құру қажеттігі қуатталды
(last modified Wed, 26 Sep 2018 16:45:19 GMT )
Қыр 26, 2018 22:45 Asia/Almaty
  • Теһран отырысында лаңкестікпен күресте аймақтық механизмдер құру қажеттігі қуатталды

Теһрандағы «Аймақтық қауіпсіздік дискуссиялары» отырысына қатысушылар шетелдік алпауыт елдердің қатысуынсыз лаңкестікпен күресу үшін аймақтық механизмдерді қалыптастыру қажеттігін қуаттады.

Аймақ елдерінің Ұлттық қауіпсіздік хатшылары мен кеңесшілерінің бірінші отырысы ИИР-ның бастамасымен,  Ресей, Қытай, Үндістан және Ауғанстанның қатысуымен сәрсенбі күні Теһранда өз жұмысын бастады.  

Иранның Ұлттық қауісіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани кейбір мемлекеттердің лаңкестікке қатысты екіжүзділігіне тоқталып: «Лаңкестікпен күресті сылтауратып, қаржылай, саяси және логистикалық қолдау көрсету мен тәкфиршіл наным-сенімдерді таратып, мемлекеттердің ішкі істеріне араласу – екіжүзділіктің факторлары. Аймақтың қауіпсіздік құрылымы аймақ мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай баяндалу керек. Сонымен қатар шетелдік алпауыт елдердің араласушылығының алдын алу қажет»,- деді.

Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Николай Патрушев те «Аймақтық қауіпсіздік дискуссиялары» отырысының Теһранда өтуінің лаңкестікпен күрес саласындағы аймақтық ынтымақтастықтардың артуына әсер ететіндігіне тоқталып: «АҚШ әскерилерінің Ауғанстандағы орналасуы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнатылуына септігін тигізбегенімен қатар, керісінше, елдегі қауіпсіздік саласындағы дағдарысты одан сайын шиеліністіре түсті»,- деді.

Ауғанстанның Ұлттық қауісіздік жоғары кеңесінің хатшысы Хамидолла Мохиб өз елінің Иранмен бірігіп, лаңкестікпен күресіп жатқанын айтып: «Ауғанстандағы лаңкестік топтар шетелдік елдер тарапынан қаржы және қару-жарақтық қолдауларға ие болып тұрған жағдайда олармен шынайы күресу мүмкін емес»,- деді.

Үндістан премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік бойынша бас кеңесшісі Аджит Довал да отырыстың Теһранда өтуін қоқан-лоққыларды түсініп, оларға қарсы тұру шараларын анықтау үшін өте маңызды деп бағалады.

Сондай-ақ, Қытайдың Ұлттық қауіпсіздік саласының қайраткері де Теһран отырысына қатысушылардан аймақтық қауіпсіздікті нығайту механизмдерін  дайындап, ортақ күресті жеңілдету үшін ортақ ақпарат банкін құру жолында талпыныс жасауды сұрады.