Зариф: Нетаньяхудың уәждері негізсіз
ИИР Сыртқы істер министрі сенбі күні АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Теһранға жақын жерде "жасысын ядролық" қойма бары туралы жуырдағы уәждерін негізсіз деп атап: "Беньямин Нетаньяху 1992 жылдан бері ИИР-на жалған айыптар тағып келеді",-деді.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф АҚХА-ның осы уақытқа дейін Иранның ядролық жұмыстарының бейбіт мақсатта екенін сан рет растағанын айтып: "Нетаньяхудың бұрынғы уәждері АҚХА тарапынан тексеріліп, теріске шығарылды",-деп еске салды.
Зариф сионистік режим Премьер-министрінің ұдайы қателесетінін айтты.
Нетаньяху сионистік режимнің қоймаларында жүздеген ядролық оқтұмсықтың барына тоқталмастан, Иранның бір қоймасында ядролық қару жасауға бағытталған жасырын бағдарламаның ілгерілетіліп жатқанын айтты.