Зариф: Нетаньяхудың уәждері негізсіз
https://itolqyn.com/news/iran-i39209
ИИР Сыртқы істер министрі сенбі күні АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Теһранға жақын жерде "жасысын ядролық" қойма бары туралы жуырдағы уәждерін негізсіз деп атап: "Беньямин Нетаньяху 1992 жылдан бері ИИР-на жалған айыптар тағып келеді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 30, 2018 18:06 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі сенбі күні АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Теһранға жақын жерде "жасысын ядролық" қойма бары туралы жуырдағы уәждерін негізсіз деп атап: "Беньямин Нетаньяху 1992 жылдан бері ИИР-на жалған айыптар тағып келеді",-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф АҚХА-ның осы уақытқа дейін Иранның ядролық жұмыстарының бейбіт мақсатта екенін сан рет растағанын айтып: "Нетаньяхудың бұрынғы уәждері АҚХА тарапынан тексеріліп, теріске шығарылды",-деп еске салды.

Зариф сионистік режим Премьер-министрінің ұдайы қателесетінін айтты.

Нетаньяху сионистік режимнің қоймаларында жүздеген ядролық оқтұмсықтың барына тоқталмастан, Иранның бір қоймасында ядролық  қару жасауға бағытталған жасырын бағдарламаның ілгерілетіліп жатқанын айтты.