Иран СІМ: АҚШ-тың бұзақылығы қатаң реакцияға ұшырайды
Қаз 01, 2018 16:15 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың бұзақылығы халықаралық қауымдастықтың қатаң реакциясына ұшырайды",- деп баса айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаны жайлы: "АҚШ президенті Дональд Трамп басқа мемлекеттерден халықаралық құқықтарды бұзып, заңға қайшы әрекет етуді сұрап отыр. Бұл өтініш халықаралық қауымдастық тарапынан қабылданбайды.
Дональд Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жуырдағы отырысын Иранға соққы беру мақсатында ұйымдастырды. Алайда Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің он төрті оның "Ортақ қадам" келісімінен шығу туралы шешімін сынға алып, АҚШ-ты жалғыз қалдырды",- деді.
Тегтер