Зариф: АҚШ – келісімді бұзушы ел
Қаз 02, 2018 15:33 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні АҚШ-тың The New Yorker басылымына берген сұхбатында: "АҚШ-пен кез келген ықтималды келіссөзді нөлден бастауға болмайды. Керісінше ядролық келісімнің негіздеріне сүйену керек",- деп қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-ты келісімді бұзушы ел деп атап: "Иран АҚШ-пен келіссөздерді әр жолы басынан бастай алмайды",- деді. Иран Сыртқы істер министрі келісімдерге табанды болуды халықаралық қарым-қатынастың негізі, сенімділікті АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін қажет шарт санап: "Иран АҚШ-тан шындыққа бет бұруды күтеді",- деді.
Тегтер