Жетекші Ислам революциясы қажылығының саяси жолдауларын ислам дүниесіне жеткізуді сұрады
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні қажылыққа жауапты қайраткерлермен кездесуінде Ислам революциясы қажылығының саяси жолдауларын дүниеге жеткізу керектігін қуаттады.
Аятолла Хаменеи Алла Тағаланың мұсылмандарға белгілі уақытта және арнайы мекенде қажылық рәсімдерін орындауға жиналуды бұйыруын мұсылмандар арасында қарым-қатынас орнатып, оны арттыру және исламдық үмбеттің күш-қуатын көрсету сияқты маңызды саяси жолдауларға ие деп бағалап: "Өте маңызды қажылықтың рухани тұрғысымен бірге орын алып жатқан оқиғалар мен исламдық мақсаттарға ерекше назар аударылып, оларға қатысты жобалар мен әрекеттерді қарастыру қажет",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі қажылық кезіндегі ислам үмбетімен қарым-қатынас орнатуды, Ислам революциясының жолдауын қажыларға жеткізу мен олардың араларындағы түсінбеушіліктерді шешуді, ИИР мен басқа исламдық елдер арасында қарым-қатынас орнатуға немесе оларды арттыруға жағдай қалыптастыру мен исламдық ағымдармен бауырластық тұрғыдан ынтымақтастық орнатуды қажылық кезіндегі ислам әлемі үшін қажет саяси жолдаулар деп атап: "Қажылық Ислам республикасының абыройын арттыратындай өтуі керек. Сондықтан қажылықтың саяси тұрғысын ұмытуға болмайды. Хазірет Ибрахимнің қажылығы, яғни Ислам революциясынан кейінгі қажылық оған дейінгі немесе Ислам мен Ислам революциясының негіздерінен хабарсыз елдердің қажылықтарынан өзгеше",- деді.
Аятолла Хаменеи сондай-ақ, қажылықты сылтауратып, исламдық мұраларды, соның ішінде Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.), имам Әлидің (ғ.с.), Исламның басындағы халифалар мен осы діннің жолында құрбан болғандардың мұраларын қиратуды сынап: "Әртүрлі мемлекеттер өзінің тарихи мұраларын қорғап, кейде өткен тарихтарын маңызды көрсету үшін ойларынан мұра шығарып отырған жағдайда Мекке мен Мединеде көптеген исламдық мұралар қиратылды",- деп баса айтты.