Рухани Иран қарулы күштеріне лаңкестерге нақты әрі қатаң жауап қайтарғаны үшін алғыc айтты
Иран Президенті елінің қарулы күштеріне лаңкестерге нақты әрі қатаң жауап қайтарғаны үшін алғыс айтып: «Ислам революциясының Сақшылар корпусы әйелдер мен балаларды аямайтындарға жойқын жауап қайтарды»,- деп қуаттады.
Рухани сәрсенбі күнгі үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде: «Иранның жауабы әрқашан қатаң болады. Иран лаңкестік әрекеттерді жобалаушыларды лаңкестікті орындаушылармен бір санап, оларға да лаңкестерге қолданылатын шара қолданады»,- деді.
Рухани АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтарына сілтеме жасап: «АҚШ әлемде оқшау қалып отыр. Ешкім америкалықтардың әдістерін қабылдамады, келешекте де қабылдамайды»,- деді.
ИИР Президенті сонымен бірге Еуропаның Иранмен қаржы қарым-қатынасын сақтап қалу үшін арнайы орган құрғанын еске салып: «Бұл жобаның іске асырылуы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорғап қалу үшін өте маңызды қадам бола алады»,- деп баса айтты. Рухани Иракта жаңа президенттің сайлануына тоқталып: «Иран әрқашан аймақта тұрақтылықты дамытып, қауіпсіздік пен діни халықтық демократияның орнатылуын қолдайды»,- деді.