Иран НАТО Бас хатшысының уәждеріне реакция білдірді
(last modified Thu, 04 Oct 2018 11:09:30 GMT )
Қаз 04, 2018 17:09 Asia/Almaty
  • Иран НАТО Бас хатшысының уәждеріне реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы НАТО Бас хатшысының АҚШ-тың біржақты қатерлі саясаттары мен аталмыш ұйымға мүше осы елдің халықаралық келісімдерге берік болмауына көбірек алаңдауы керектігін баса айтты.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг сәрсенбі күні: "НАТО-ға мүше елдер Иранның аймақты тұрақсыздандыратын шараларына алаңдаулы. Осы түйткілмен күресу үшін барлау саласында әріптестік жасайды",-деген уәж айтты.

Бахрам Ғасеми  сәрсенбі күні кешке  НАТО Бас хатшысының Иранға қарсы уәждеріне реакциясында: "Лаңкестік деген сұм құбылыстың ең үлкен құрбаны болып табылатын Иран кейбір елдер мен олардың серіктестері құрып, дамытқан лаңкестік топтарға қарсы жарнамалық коалицияларға керісінше лаңкестік топтардың, соның ішінде ДАИШ-тың аймаққа үстемдігін тоқтатуда ең әсерлі рөлге ие.

Еуропа елдерінің көбі өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  жолында атқарылған сындарлы әрі әсерлі саясаттарға жауап беруде жөнсіз сұрақ пен бұлыңғырлық тудырудың орнына Иранның аймақта лаңкестермен күресіп, оларды ауыздықтағанына алғыс айтуы тиіс",-деді.