Зариф: Қуатты аймақ құру арқылы үстемшілдіктің кеудемсоқ қатынасын тоқтатайық
ИИР СІМ Сауд Арабиясының АҚШ үкіметі тарапынан қорлануы жайлы: "Қорлау – қауіпсіздік мәселесін бөгделерге жүктеуге болады деген қиял үшін берілген "сый». Сондықтан бәріміз бірігіп, қуатты аймақ құрып, үстемшілдіктің кеудемсоқ қатынасын доғарайық",- деп мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні өзінің жақын одақтасы Сауд Арабиясын кемсіткен сөзінде Сауд Арабиясының королі Малек Салманға АҚШ әскерінің қолдауынсыз екі апта да өз билігін сақтай алмайтыны туралы ескерту жасалғанын айтқан болатын.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Біз қуатты аймақ құру арқылы үстемшілдіктің кеудемсоқ қатынасын доғару үшін көршілерімізге қарай соңғы рет қол созып отырмыз", - деп жазды.