Зариф: Америкалықтарға сенім артуға болмайды
(last modified Sat, 06 Oct 2018 08:25:28 GMT )
Қаз 06, 2018 14:25 Asia/Almaty

Иран СІМ АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы арқылы келіссөз өткізу үшін сенім артуға бомайтын ел екенін дәлелдегенін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Al Jazeera арнасына берген сұхбатында: "Иран АҚШ-пен келіссөз өткізуді қаламайды. Себебі, Вашингтон – келіссөз өткізу үшін сенім артуға болмайтын ел",- деп мәлімдеді.

Иран СІМ, сондай-ақ, Иран мен Еуропаның "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалу мақсатындағы келіссөздеріне тоқталып: "Иран АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуынан туындаған шығындарды өтеу үшін еуропалықтарға уақыт берді",- деді.

Зариф Сирия дағдарысына да сілтеме жасап, Теһранның Сириядағы дағдарыстың саяси шешім жолын іздестіріп жатқанын айтты.

 

 

Тегтер