Иран сионистік режимнің фашист басшыларына ескерту жасады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің нәсілшіл, өзімшіл және ақыл мен әдептен жұрдай басшыларына ақыл-ойдан кенде әрі әдепсіз түрде Иранның ұлы халқына қарсы айтып жатқан сөздерінің салдары туралы ескерту жасады.
Бахрам Ғасеми Al Alam арнасына берген сұхбатында сионистік режимнің президенті Реувен Ривлиннің Иран халқына қарсы өшпенділікке толы арсыздығы мен әдепсіздігіне білдірген реакциясында: "Осы уақытқа дейін алдау мен екіжүзділік арқылы Иран халқын өзі сайлаған үкіметінен бөлуге талпыныс жасап келген сионистік режимнің арам, әзәзіл басшылары тілдерінің тізгінін босатып, арсыздық, бассыздық арқылы Иран және «ирандық» деп аталатын болмыс пен шындыққа қаншалықты қарсы екенін және шексіз, зәрлі жиіркеніште іштері күйіп жатқанын көрсетті. Қатыгез, басқыншы, арам, қу, айлакер әрі жауыз режимнің басшылары яһудилердің құтқарушысы болған, ежелгі мәдениетке ие батыл халыққа осылай сөйлеп, тіл тигізгені үшін оларды ашықтырып, азаптау керек",- деді.