АҚШ-тың санкциялары Иранның қаржы және мұнай саласындағы жұмыстарына әсер етпейді
(last modified Sat, 06 Oct 2018 09:34:04 GMT )
Қаз 06, 2018 15:34 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың санкциялары Иранның қаржы және мұнай саласындағы жұмыстарына әсер етпейді

Иранның Орталық банкінің төрағасы АҚШ санкцияларының Иранның қаржы және мұнай саласындағы жұмыстары мен әрекеттеріне әсер етпейтінін мәлімдеді.

Абдолнасер Хеммати жұма күні Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иранның қаржы айналымдары мен мұнай экспортына шектеу қоя алмағанын баяндап: "Иранның осы қиындықтың шешім жолдарын табудағы талпыныстары нәтиже берді",- деп баса айтты.

Хеммати сондай-ақ, Теһранның Ресеймен сауда жасау барысында екі ел арасындағы ұлттық валюта негізіндегі мәмілелердің артатынын күтіп отырғанына тоқталып, Ресейдің Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллинамен кездесуден кейін мәміле жасауда доллардан бас тартып, ұлттық валютаға көшу туралы оң келісімге келгендерін мәлімдеді.