Рухани: Иран халқының ядролық технология негізіндегі құқығы ресми деп танылды
ИИР президенті: Иран халқының ядролық технология негізіндегі құқығы әлемдіктер мен халықаралық ұйымдар тарапынан ресми деп танылды деді.
ИРНА- ның хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның ядролық жетістіктерінің тұсаукесер рәсімінде: «Әлем Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт сипатта екенін және ядролық технология негізінде Иранмен ынтымақтастық жасай бастағанын мойындады. Бүкіл әлем келіссөз үстеліндегі қисын мен дәлелдің қоқа-лоққы мен қысым жасау әдісін жеңетінін көрді. Иран дипломаттарының өткен жылғы ядролық келіссөздегі табысы соңғы ғасырдағы Иран дипломатиясы тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.
Өзгелерге жүз пайыз сенім артуға немесе сенімсіздік танытуға болмайды. Иранның «алтылық» елдерімен ядролық келісімшартында Иран сенімділіктің іргетасын қалап, келісімдегі міндеттемелерді орындауға қатысты мониторинг, верификация арқылы әрекет етуде. Иран өз құқығын қорғайтын ел. Қажет жағдайда «жұмсақ» күшпен де, «қатты» күшпен де өзінің құқығын қорғайды» деді.
8- ші сәуір Иранның ресми күнтізбесінде ядролық технологияның ұлттық күні де аталған.