Әмир Кабир университетінде ирандық және шетелдік ұстаздардың қатысуымен отырыс өтті
Қаз 06, 2018 21:01 Asia/Almaty
Теһранның Әмир Кабир университетінде ирандық ұстаздар мен әлемнің 13 елінен, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия мен Сириядан келген 33 шетелдік ұстаздың қатысуымен пікір алмасу отырысы өтті.
Отырыс денсаулық, нанотехнология, мұнай-газ және су ресурстарын басқару саласында ортақ жобаларды орындап, ғылыми әріптестік жасау тақырыптарын қамтыды. Сонымен қатар Иран мен әлемнің басқа университетері арасында ғылыми-зерттеу саласында байланыстарды дамыту мақсатында ұстаздар және студенттермен алмасу сияқты тақырыптар да талқыланды.
Тегтер