Революция жетекшісі: Елімізде шыға алмайтын тығырық пен шешілмейтін қиындық жоқ
(last modified Thu, 11 Oct 2018 10:52:10 GMT )
Қаз 11, 2018 16:52 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі: Елімізде шыға алмайтын тығырық пен шешілмейтін қиындық жоқ

Ислам революциясының жетекшісі Иранның үштік билік басшыларымен өткізген отырысында елдің шыға алмайтын тығырығы мен шешілмейтін қиындығының жоқ екендігін баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні кешке  Иранның үштік билік басшыларымен экономикалық мәселелерді талқылау жөнінде өткізген отырыста билік басшылары мен экономикалық үйлестіру жөніндегі жоғары кеңес мүшелеріне жасаған еңбектері үшін алғыс білдіріп, бұл кеңестің негізгі міндетін экономика саласындағы ауқымды әрі маңызды шешім қабылдау екенін айтып: "Еліміздегі экономикалық мәселелерді шешіп, жалпы халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету джиһадтық іс пен ерекше талпынысты қажет етеді",- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі Экономикалық үйлестіру жөніндегі жоғары кеңес мүшелеріне елдегі негізгі мәселелер мен маңызды экономикалық қиындықтарға қатысты нақты шешім қабылдауға кеңес беріп: "Банктік жүйе мәселелері, өтімділік, жұмыспен қамту, құнсыздану және бюджеттендіру үдерісі секілді кейбір экономикалық маңызды мәселелерді шешу үшін шынайы және іске асырылатын шешім қабылдануы керек",- деді.

Хазірет үштік билікті, әсіресе үкіметті жанашыр экономистер мен жеке сектор белсенділерінің пікірлері мен шешім жолдарын пайдалануға шақырып: "Еліміздің қазіргі жағдайы жанашыр белсенділер мен елдің зиялы қауымының жауапкершілігін арттырып, ғылыми және тәжірибелік әлеуеттері мен жетістіктерін жауапты тұлғаларға ұсынуға себеп болды.

Хазірет аятолла Хаменеи экономикалық қиындықтарды ішкі және экономика құрылымына қатысты қиындықтар және АҚШ-тың әділетсіз санкцияларынан туындаған мәселелер деген екі топқа бөліп, осы екі топқа жататын кез келген қиындықпен бетпе-бет келгенде халықтың өміріндегі күрделі түйіндер шешіліп, дұшпанның салған санкциясынан үміті үзілетіндей көреген шешім қабылдауға кеңес берді.

Ислам революциясының жетекшісі елдегі үштік билік пен басқа органдардың өзара әрекеттестігін арттыру қажеттігін қуаттап: "Халық пен жауапты тұлғалардың ерік-жігерінің арқасында және ирандық жастар мен зиялы қауымның теңдессіз әлеуеттерін пайдаланып, сондай-ақ, елдегі әлеуеттер мен ресурстарды іске қосу арқылы ішкі және таңылған қиындықтардың барлығы міндетті түрде шешіледі",- деп баса айтты.

 

 

 

Тегтер