Германия елшісі Иран СІМ-ге шақыртылды
(last modified Thu, 11 Oct 2018 11:28:00 GMT )
Қаз 11, 2018 17:28 Asia/Almaty
  • Германия елшісі Иран СІМ-ге шақыртылды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирандағы Германия елшісінің сәрсенбі күні сол ел сотының ирандық дипломаттардың бірін Бельгияға экстрадициялағанына наразылық ретінде Иран СІМ-ге шақыртылғанын хабарлады.

Германия соты "Мұнафықтар" лаңкестік тобының басқосуында бомба қою жоспарына атсалысты деген жалған айыппен қамауға алынған бір ирандық дипломатты Бельгияға тапсырды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні: "Иран СІМ-нің Еуропа істері жөніндегі департаментінің басшысы әрі министрдің көмекшісі Германия елшісімен кездесуінде ирандық дипломаттың ұсталып, түрмеге қамалып, басқа елге экстрадицияланғанына қатты наразылық білдіріп, мұны Иран мен Еуропаның қарым-қатынасына қарсылардың қолдан жасаған қастандығы деп атады.

Сонымен қатар, бұл кездесуде қастандықтың Иран мен Еуропаның қарым-қатынасын бұзу және "Мұнафықтар" лаңкестік тобы мен сионистік режимнің жеңілістерін өтеу үшін жасалған қойылым болғаны қуатталды. Иранның сенімінше, мұндай қатынас дипломатиялық құқықта қабылданған ережелерге қайшы. ИИР өз дипломатының тез арада Теһранға қайтарылуын талап етеді",-деді.