Сардар Шариф: Исламдық Иран биік мақсаттағы дискурсты таңдайды
Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат хатшысы ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабында құзырға ие болып: «Press TV мен Al-Alam сияқты ақпарат құралдары Ислам революциясы дискурсын қолдайтын маңызды күшке айналды. Ол бөгде ақпарат құралдарының Иранға қарсы қоғамдық пікір қалыптастыруына жол бермейді»,-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, генерал Рамазан Шариф әлемдік қызмет торабына қарасты ақпарат құралдарының бүкіл қарым-қабілетімен Иранның әскери күш-қуатын таныстыруы керектігін айтып: «ИИР соңғы жылдары әскери қабілет саласында дұшпанмен күресуден еш қорықпайтын қуатқа жетті»,-деді.
ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының басшысы Пейман Джебели де әлемдік қызмет торабы ие мүмкіндіктер мен әлеуеттерге тоқталып, торапта 13 телеарнаның жұмыс істейтінін, олардың ішкі және сыртқы маңызды оқиғаларды тарату үшін жақсы мүмкіндік бола алатынын айтты.