Рухани: АҚШ халықаралық міндеттемелерін бұзып, сәтсіздікке ұшырады
ИИР Президенті АҚШ-тың құқықтық және саяси тұрғылар мен халықаралық міндеттемелерін бұзуына байланысты сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді.
Иран Президенті Хасан Рухани Иранның жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылын бастау рәсімінде Ақ үйдегілердің Ислам республикасына қарсы мақсаттарына тоқталып: "Америкалықтар исламдық жүйені жою деген негізгі мақсатымен психологиялық соғыс бастап, жалғасында Иранға қарсы экономикалық соғыс ашты",- деп баса айтты.
Рухани Ислам республикасы мен Иран халқының дұшпанның барлық қастандығынан бірлік пен біртұтастықтың көмегімен өтетінін қуаттап: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Қауіпсіздік кеңесінің өзі басқарған отырысын Иранға соққы беру және Ислам республикасына қарсы саясаттарын растау үшін пайдаланбақ болды. Бірақ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің келесі 14 мүшесі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдады. Сыртқы саясат тұрғысынан Иран бұл оқиғаның жеңімпазы. Сондықтан бұл мәселеге қатысты ешкімде күмән тумайды. АҚШ-тың құқықтық және саяси тұрғылардан, сондай-ақ, халықаралық келісімдерді бұзу саласында сәтсіздікке ұщырағаны баршаға аян",- деді.