Қытайдың сауда делегациясы Иранның солтүстігіне келді
Қаз 16, 2018 10:57 Asia/Almaty
Қытайдың Цзянси облысының сауда-экономикалық делегациясы Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының экономикалық әлеуеттерін зерттеу үшін дүйсенбі күні осы облысқа келді.
Қытай компаниялары осы уақытқа дейін Мазандеран облысында жұмыс істеуге рұқсат алған. Мысалы, 25 МВт қуат өндіретін электр стансасы бір қытай компаниясының 15 млн доллар инвестициясымен салынып жатыр. Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысы қоңыржай климат, құнарлы жер, жағалау, дала, орман мен тау сияқты әр алуан табиғат пен ішкі-сыртқы нарықтарға қолжетімділік сынды ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі салаларға инвестиция тартуға қолайлы жағдайға ие.
Тегтер