XV Халықаралық қарсыласу фильмдері фестиваліне 70 ел қатысады
Халықаралық қарсыласу фильмдері фестивалінің атқарушы кеңесінің мүшесі Эхсан Каве фестивальдің он бесінші кезеңіне 70-тен астам ел қатысатынын хабарлап,
фестивальға мұншама елдің қатысуын бұрын‑соңды болмаған жайт деп атады. Каве Халықаралық қарсыласу фильмдері фестивалінің хатшылығына келіп түскен туындылардың сапасы мен мазмұнына тоқталып, фестивальге ДАИШ сияқты сұрқия құбылыс пен бала өлтіргіш сионистік және саудиялық режимдер тақырыбын қозғаған құнды туындылардың жіберілгенін айтты.
Халықаралық қарсыласу фильмдері фестивалінің атқарушы кеңесінің мүшесі сөзінің жалғасында әртүрлі қоғамдарға үстемшілдер мен залымдардың қастандықтарын таныту мақсаты көзделген бұл туындыларда халықаралық қауымдастықтың хабардарлық деңгейін арттыруға талпыныс жасалғанын қуаттады.
XV Халықаралық қарсыласу фильмдерінің фестивалі 2018 жылдың қараша айының 26-30 күндері Теһранда өтеді.