Иранның шикі мұнайы 28 қазанда биржаға шығады
(last modified Tue, 16 Oct 2018 16:45:16 GMT )
Қаз 16, 2018 22:45 Asia/Almaty
  • Иранның шикі мұнайы 28 қазанда биржаға шығады

Иранның Энергетика биржасының бас директоры Әли Хосейни Иранның Ұлттық мұнай компаниясының жексенбі күні, 28 қазанда 1 млн баррель жеңіл шикі мұнайды елдің энергетика биржасына ұсынатынын хабарлап:

"Барлық отандық және шетелдік компаниялар жеңіл шикі мұнайды ешбір шектеусіз сатып ала алады. Әрбір сатып алушы үшін минималды сатылым көлемі 35  мың баррельді, максималды көлемі 1 млн баррельді құрайды.

Иранның жеңіл шикі мұнайы энергетика биржасында бір барреліне 79 доллар 15 цент бастапқы бағамен ұсынылады. Бұл баға бәсекелестік үшін беріліп отыр. Қорытынды баға бұдан жоғары болуы мүмкін",-деді.