Иран Пәкістан армиясымен бірге лаңкестерге қарсы ортақ әрекетке дайын
(last modified Wed, 17 Oct 2018 09:23:06 GMT )
Қаз 17, 2018 15:23 Asia/Almaty
  • Иран Пәкістан армиясымен бірге лаңкестерге қарсы ортақ әрекетке дайын

Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің қолбасшысы Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаве шекарасында бірнеше ирандық шекарашының ұрланғанына тоқталып, Иранның кепілге түскендерді азат ету үшін лаңкестерге қарсы Пәкістан армиясымен ортақ әрекетке дайын екенін мәлімдеді.

Дүйсенбі күні түнде Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаведегі шекаралық базадан революцияға қарсы топтар бірнеше шекарашы мен жергілікті ерікті күштерді   ұрлап әкетті.

Бригада генералы Мұхаммад Пакпур сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында лаңкестердің Пәкістанның ішінде орналасып, базаларға ие екендіктеріне тоқталып: "Пәкістан армиясымен байланыс орнатқан кезде олардан ұрлағандарды Иранға тапсырып, ұрланғандардың саулығына кепілдік беру талап етілді. Пәкістан армиясы бұл мәселеге жауапты болуы керек",- деді.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мұхаммад Фейсал сейсенбі күні ирандық шекарашылардың ұрланғанына өкініш білдіріп, Иран мен Пәкістан армияларының бұл мәселеге қатысты ынтымақтастық жасап жатқанын қуаттады.