Иран Пәкістаннан ирандық тұтқындарды босатуды сұрады
Иран Ішкі істер министрі Абдул Реза Рахмани Фазли Пәкістанның Ішкі істер министрімен сұхбатында ирандық тұтқындарды босату үшін барлық талпыныс жасалуы керектігін айтты.
Ол сәрсенбі күні Пәкістанның Ішкі істер министрі Шахрияр Афридиге жазған хатында ирандық 14 шекарашының лаңкес қылмыскерлер тарапынан ұрланғанына тоқталып, Пәкістан үкіметінен осы елдің территориясынан лаңкестердің ИИР-ның территориясы мен шекаралық пункттеріне шабуыл жасауының алдын алуға қатысты қауіпсіздік саласындағы міндеттемелеріне берік болуды сұрады.
Иран Ішкі істер министрі осы хатта Иранның лаңкестік, тәкфирлік және қылмыстық топтарға қатаң қатынас көрсететінін айтып: "Барлық талпыныстар тұтқындарды босату, лаңкестермен қатаң күресу және осындай ащы оқиғалардың қайталануының алдын алуға бағытталуы тиіс",-деді.