Иранның Пәкістанға темір жол арқылы экспорты артты
Қаз 20, 2018 20:44 Asia/Almaty
Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Систан мен Белучистан облысының орталығы Захеданның темір жолы арқылы Пәкістанның Кветтаға тауар экспорты өткен 6 айда 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 47 пайызға артқан.
Иранның оңтүстік-шығыс темір жол басқармасының бас директоры Маджид Арджунидің айтуы бойынша, өткен алты айда 21 мың тоннадан астам тауар Иранның Захедан темір жолы арқылы Пәкістанның Кветта қаласына жөнелтілген. Цемент, битум, күкірт, керамикалық тақташалар, қара қағаз, құрма, қызыл гүл - Иранның темір жол арқылы Пәкістанға экспорттайтын тауарлары. Екі елдің сауда айналымы 2017 жылы 1 млрд 324 млн долларды құраған.
Тегтер