Германиялық студенттер Хорасан-е Разави облысындағы тарихи-мәдени жерлерді аралады
Қаз 20, 2018 20:47 Asia/Almaty
Германиялық студенттер Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Хорасан-е Разави облысындағы тарихи-мәдени жерлерді аралады.
Германияның Мюнхен университетінің Таяу Шығысты зерттеу бөліміндегі ирантану тобының 8 студенті парсы тілі бөлімінде оқитындарына байланысты Мешхед қаласына келді.
Германиялық студенттер 10 күн Мешхедте болып, Нишапур, Торбат-е Джам, Тайбад, Торбат-е Хейдарие және Гонабадтағы тарихи жерлер мен ескерткіштерді тамашалайды.
Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Хорасан-е Разави облысында 1500 тарихи ескерткіш бар. Бұл облыс жылына 30 млн-нан астам ирандық және шетелдік туристерді қабылдайды.
Тегтер