Германиялық студенттер Хорасан-е Разави облысындағы тарихи-мәдени жерлерді аралады
https://itolqyn.com/news/iran-i39507-Германиялық_студенттер_Хорасан_е_Разави_облысындағы_тарихи_мәдени_жерлерді_аралады
Германиялық студенттер Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Хорасан-е Разави облысындағы тарихи-мәдени жерлерді аралады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 20, 2018 20:47 Asia/Almaty
  • Германиялық студенттер Хорасан-е Разави облысындағы тарихи-мәдени жерлерді аралады

Германиялық студенттер Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Хорасан-е Разави облысындағы тарихи-мәдени жерлерді аралады.

Германияның Мюнхен университетінің Таяу Шығысты зерттеу бөліміндегі ирантану тобының 8 студенті парсы тілі бөлімінде оқитындарына байланысты Мешхед қаласына келді.

Германиялық студенттер 10 күн Мешхедте болып, Нишапур, Торбат-е Джам, Тайбад, Торбат-е Хейдарие және Гонабадтағы тарихи жерлер мен ескерткіштерді тамашалайды.

Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Хорасан-е Разави облысында 1500 тарихи ескерткіш бар. Бұл облыс жылына 30 млн-нан астам ирандық және шетелдік туристерді қабылдайды.